Skip to content

Республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті Республикалық…

Республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 21-23 қыркүйек күндері балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слетін қашықтықтан ұйымдастырды.
Слетке Қазақстанның әр өңірінен жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының 170 білім алушылары, оның ішінде Маңғыстау облысының атынан 10 білім алушы қатысты.
Слет «Туған өлке тарихы», «Жас өлкетанушы», «Туризм білімпаздары», «Экологиялық соқпақ», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлке соқпақтары», «Бард әндері», «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациялары бойынша өткізіліп, жалпы командалық есеп бойынша Маңғыстау облысы жүлделі ІІ орынға ие болды. 4 оқушы төмендегідей марапатталды:
«Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша:
І орын – Жексенбай Эльмира, Жаңаөзен қаласы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, жетекшісі Ражапова Бағила Мұхтарқызы;
«Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша:
І орын – Машан Жасұлан, Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, жетекшісі Джұмашев Біржан Бимұханбетұлы;
«Экологиялық соқпақ» номинациясы бойынша:
ІІІ орын – Алиева Асылай және Ғаділбекқызы Арайлым, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 11 сынып оқушылары, жетекшісі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы.
Жүлдегер атанған жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *