1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
«Бақытты бала-бақытты ел» республикалық акциясы аясында атқарылған іс-шаралардың қорытынды ақпараты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету, құрметпен және қамқорлықпен қарау мақсатында 20 мамыр – 20 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарында:
– Блок 1. «Отбасында өмір сүру бақыты»;
– Блок 5. «Таңғажайып әлем»;
– Блок 6. «Мейірімділік балаларға»;
– Блок 7. «Спорт әлемінде» тақырыптарында бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Акция барысында білім беру ұйымдарында көп балалы бақытты отбасылар «Бала – бақыт, көп бала – одан да көп бақыт» туралы бейнероликтері, «Кітап әлемінде» – қазақстандық жазушылармен онлайн кездесулер, мәнерлеп оқу байқаулары, «Менің досым» – сурет байқауы, мәдениет және демалыс саябақтарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, балалар суреттерінің көрмелері мен асфальтта сурет салуы, әлеуметтік осал топтардағы балалар үшін ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мұражайларға тегін баруы және отбасылық спорт жарыстары ұйымдастырылып, жүргізілген жұмыстар жоғарыдағы тақырыптардың хештегтері арқылы әлеуметтік желілерде жарияланды.
#Қазақстан30
#Qazaqstan30