Музей жетекшілері арасындағы «Мектеп музейіндегі сабақтар» тақырыбындағы облыстық байқаудың
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ мен ережесі
Өтетін уақыты: 2021 жылы 18 мамыр, сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, қашықтық форматында ZOOM платформасы
Байқаудың мақсаты:
Оқушылар мен жастардың тәрбиесін жетілдіру, мектеп музейінің рөлін арттыру, музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу.
Қатысушылар:
Жалпы орта білім беру ұйымдарының 24 музей жетекшісі.
Спикер (қызметі, байланыс телефондары):
Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы
Ұйымдастырушылар, байланыс телефондары:
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, туризм-өлкетану бөлімі, 8/7292/60-54-00, ocdt-2017@mail.ru
Сайттарға жариялау:
Білім басқармасының және Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ресми сайттары, facebook және instagram әлеуметтік желілері, youtube каналы.