Мектеп музейлерін дамыту мәселелері» тақырыбындағы
мектеп музей жетекшілеріне арналған республикалық вебинар
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 27 сәуір күні «Мектеп музейлерін дамыту мәселелері» тақырыбындағы мектеп музей жетекшілеріне арналған республикалық онлайн әдістемелік вебинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: музей мамандарының қатысуымен мектеп музейлерін дамыту, қызметін талдау, зерттеу жолдарын айқындау, музей мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және тәжірибе алмасу.
Әдістемелік вебинарға аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері мен мектеп музейлерінің жетекшілері қатысты. Қазіргі таңда облыс бойынша 40 мектеп музейі қызмет атқарады.
Вебинар барысында Маңғыстау облысындағы мектеп музейлерінің жұмыстары тыңдалып, білім беру саласындағы музейлердің қызметін ұйымдастырудағы проблемалар зерделеніп, мектеп музейлері жұмысының қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар қабылданды.