Жалпыреспубликалық Экология апталығы
Адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір слтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде және жеке қасиеттер ретінде моральдық-экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 26-30 сәуір күндері орта білім беру ұйымдарына арналған Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы болып белгіленді. Апталықтың тұжырымдамасына сәйкес, Маңғыстау облыстық жалпы білім беру ұйымдарында 26 сәуір күні Экология апталығының ашылуы қашықтықтан салтанатты түрде өткізіліп, «Табиғат туралы не білеміз?» тақырыбында кітаптар көрмесі, «Жер – біздің ортақ үйіміз» бейнеролигі көрсетілді. Салтанатты жиынға білім алушылар мен сынып жетекшілер, сонымен қатар ата-аналар да қамтылды. Жиынға қатысушыларға апталықтың негізгі мақсаты – экологиялық білім беру мен тәрбие жөнінде мағлұматтар берілді. Апталықтың алғашқы күнінде білім беру ұйымдарында жүргізілген шаралардың сілтемелері:
1. https://www.facebook.com/100029934972038/posts/505233047151190/?d=n
2. https://www.facebook.com/100013398934535/posts/1201586176964669/?d=n
3. https://www.instagram.com/p/COKt7BWLFHC/?igshid=akip1qlizsaz
4. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=916423885596458&id=100016865657897&sfnsn=mo
5. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=286622166328958&id=100049435292102