Республикалық байқау жеңімпаздары
Балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Экология балалар көзімен» республикалық балалар суреттері мен қолөнер қашықтық байқауы өткізілді. Байқауға Маңғыстау облысы бойынша 25 оқушы қатысып, оның ішінде 4 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ:
І орын – Абдулла Раушан, Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
І орын – Сапарбаева Нұрайна, Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып окушысы;
ІІ орын – Абдинасурлла Динара, Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып окушысы;
ІІІ орын – Тахир Інжу, Қарақия ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.
Жүлдегер атанған барлық жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы шын жүректен құттықтайды!