Skip to content

Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарына жүргізілген…

Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарына жүргізілген зерделеу

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2021 жылғы 1 ақпандағы «Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу туралы» №22нқ бұйрығына сәйкес, осы жылғы 15-19 ақпан күндері аралығында білім басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының мамандарынан құралған жетекші топ зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нысандары ретінде Ақтау қалалық білім бөлімі, оның оқу-әдістемелік орталығы, 25 мектеп, 2 балабақша және қалалық «оқушылар орталығы» – барлығы 30 білім беру орны қамтылды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 25.08.2020 жылғы (тиісінше №85 нқ және № 01-04/97) бірлескен бұйрығын (одан әрі – Бірлескен бұйрық) орындау мақсатында Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының 16.09.2020 ж. № 261 бұйрығымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындауға жауапты тұлға ретінде Ақтау қалалық білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығы белгіленген.

Зерделеу тобы білім басқармасының «Білім беру ұйымдарында сапалы экологиялық білім беру жүйесін құру» мақсатын ескере келе, қалалық білім беру ұйымдарында экологиялық білім беруді жетілдіру бағытында әдістемелік көмек көрсетті.

Нәтижесінде Ақтау қалалық білім бөлімінің экологиялық білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын зерделеудің қорытындысы туралы облыстық білім басқармасының 09.03.2021ж. №39нқ бұйрығы жасақталып, сәйкесінше, онда Ақтау қалалық білім бөліміне, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығына бірнеше тапсырмалар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *