Skip to content

Халықаралық эко-білім күніне арналған мұғалімдердің «Үздік экосағат» облыстық байқауы 2021…

Халықаралық эко-білім күніне арналған мұғалімдердің «Үздік экосағат» облыстық байқауы

2021 жылдың 17 наурыз күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 26.08.2020 жылғы №18-2/379 хатына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы экология-биология бағытындағы үйірме жетекшілері мен биология пәні мұғалімдерінің экологиялық шығармашылық деңгейін арттыру және өзара тәжірибе алмасу, мектептегі үздік мұғалімдерді анықтау мақсатында экология-биология бағытындағы үйірме жетекшілері мен биология пәні мұғалімдері арасында «Үздік экосағат» облыстық байқауын қашықтықтан өткізді. Барлығы 14 жұмыс қаралды.
Қатысушылар білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдана отырып, экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен атқарылып жатқан іс-шараларды 15 минуттық бейнероликтер арқылы ұсынды. Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Кеңесбаева Шамсиқамар сабақ барысында оқушылармен қағаз қалдықтарын «макулатураға» тапсырып, түскен қаржыға мектепке гүл алса, Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Құлтанов Рақымжан оқушыларымен тазалық жұмыстарын жүргізген.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптай келе төмендегідей бағалады:
ІI орын – Сүлейменова Айымгүл, Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі;
ІI орын – Кеңесбаева Шамсиқамар, Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі;
ІII орын – Құлтанов Рақымжан, Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі;
III орын – Собалакова Гулзада, Маңғыстау ауданы, А.Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі;
IV орын – Джакашова Жазира, Жаңаөзен қаласы, №9 орта мектебінің биология пәні мұғалімі;
IV орын – Сауытбаева Сулушаш, Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғаліміне жүлделі орындар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *