Skip to content

«Nauryz Challenge» облыстық интернет-байқауы. Білім басқармасының Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған…

«Nauryz Challenge» облыстық интернет-байқауы.
Білім басқармасының Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру мақсатында «Nauryz Challenge» облыстық интернет-байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Наурыз көже», «Ұлттық салт-дәстүр мен ойындар», «Ұлттық киім» номинациялары бойынша бейнероликтерін #әзнаурызчеллендж хэштегін белгілеу арқылы жолдап, барлығы 53 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін «инстаграм» желісіндегі қаралым саны бойынша бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Наурыз көже» номинациясы бойынша:
І орын –Жоламанова Қаламқас Парахатовна, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі;
ІІ орын – Калмурзаева Назира Курбашовна, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі;
ІІІ орын – Чоканова Алима Бердыевна, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі;
2. «Ұлттық салт-дәстүр мен ойындар» номинациясы бойынша:
І орын – Оңғар Мөлдір Оңғарқызы, Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі;
ІІ орын – Зорбаева Дина Максудова, Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі;
ІІІ орын – Тулеубаева Санибаш Киясовна, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі;
3. «Ұлттық киім» номинациясы бойынша:
І орын – Абылхайырова Гульнара Ибатоллаевна, Түпқараған ауданы, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі;
ІІ орын – Оңғарбаева Гүлбану Серікбайқызы, Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі;
ІІІ орын – Қосымбаева Айгерім Нұрасылқызы, Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *