Skip to content

Білім беру ұйымдарындағы «Өлке табиғаты бұрышын құру жолдары» тақырыбында облыстық…

Білім беру ұйымдарындағы «Өлке табиғаты бұрышын құру жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «ZOOM» платформасы арқылы экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру, оқушыларды туған жер табиғатын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сүюге, қорғауға үйрету мақсатында Білім беру ұйымдарындағы «Өлке табиғаты бұрышын құру жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің, «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Жасыл әлем» ЖШС басшылары, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау ауданының бірнеше мектеп директорларымен қоса 25 қатысушы қамтылды.

Білім беру ұйымдары басшылары дөңгелек үстел барысында мектептер ауласындағы «өлке табиғаты» бұрыштарын жасақтауға арналған эскиздік жобаларымен таныстырып, мүмкіндігінше өлке табиғатының рекреациялық көріністері орнатылып, жергілікті өсімдіктер өсірілетіндігін және жануарлар дүниесінің көрінісі орын алатындығы туралы сөз қозғалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *