«Қосымша білім беру ұйымдарының туризм және өлкетану үйірмелерінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер» вебинары
2020 жылдың қараша айының 2-12 аралығында ҚР БжҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетануға STEAM технологиясын енгізу» тақырыбында педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Педагогтар қызметіне курстан кейінгі қолдауды жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 23 ақпанында өткен «Қосымша білім беру ұйымдарының туризм және өлкетану үйірмелерінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер» вебинарына республиканың әр өңірінен туризм мамандары қатысты.
Орталықтың нұсқаушысы – Теғисбай Мұстафа вебинарда спикердің қызметін атқарып, «Жасанды жартасқа шығу техникасы мен тактикасы» тақырыбында дайындалған бейнероликте өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, арнайы құралдармен биіктікке шығу, қауіпсіздік белдігін байлау тәсілдерін де көрсетті.