«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмді ұйымдастыру жолдары» облыстық семинар-кеңес
Баспасөз-релиз
Өтетін уақыты: 2021 жылы, 12 наурыз Сағат 10.40-де.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Туризм колледжі.
Мақсаты: Экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру. Оқушыларды туған жер табиғатын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сүюге, қорғауға, молықтыруға үйрету.
Қатысушылар: Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының туризм бағытындағы үйірме жетекшілері, «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің, «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Жасыл әлем» ЖШС басшылары, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау ауданының бірнеше мектеп директорлары. (70 адам).
СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары):
Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы, 87789552995.
ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ: Осы жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер туризмі саласын экологиялық туризмді ұйымдастыруға бағыттау. Туристік жорықтар мен сапарлар кезіндегі қатысушылардың танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуімен қатар қоршаған орта экологиясына назар аударуын қалыптастыру арқылы адамдардың табиғатқа тигізетін антропогендік әсерлерін барынша азайту.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экология – биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8(7292)60-54-00, ocdt-2017@mail.ru.