Әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы жасөспірімдерді туристік спортқа баулу мақсатында 22 қаңтар күні Ақтау қаласы Сүйеубаев атындағы №8 орта мектебі туризм үйірмесінің 7 сынып оқушыларына спорттық туризм бағыты бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Орталық нұсқаушысы Теғисбай Мұстафа Қыдырғалиұлы оқушыларға туристік құралдарды таныстырып, оларды қалай пайдалану керектігін және туризмдегі қауіпсіздік шараларын, жаяу жорықтарда қиындық туындаған жағдайда оңай жол тауып шығудың жолдарын түсіндірді.
Әдістемелік көмек барысында барлық санитарлық талаптар сақталды. Үйірме оқушыларына алау түрлері, қауіпсіздік белдіктерін біріктіру, таулы жерлерде жүру техникасы, арқан байлау тәсілдері және жасанды жартасқа шығу техникасы мен тактикасы көрсетілді
