Skip to content

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы экологиялық сынып сағаттары бойынша ақпарат…

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы экологиялық сынып сағаттары бойынша ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша 2020-2021 оқу жылынан бастап барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында экологиялық сағаттары бойынша жоспар жасақталып, оған сәйкес сынып сағаттары өтті.
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында экологиялық тәрбие бойынша білім алушыларға жабайы табиғат пен қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «1-11 сынып білім алушылар үшін экологиялық білім беру сынып сағаттарының бағдарламасы» ұсынылып, осы бағдарлама бойынша жұмыстар жасалып, эко-сағаттар өткізілді. «Табиғатты қорғайық, аялайық» атты тәрбие сағаты 1 курс студенттеріне ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
https://www.instagram.com/tv/CHawlKKBemP/?utm_source=ig_web_copy_link
«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» тәрбие сағаты. Сабақтың мақсаты: Табиғат-Ананы қорғаудың әр адамның міндеті екенін ұғындыру. Экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын түсіндіру. Табигатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
https://www.instagram.com/tv/CHfeBJQhAtv/?utm_source=ig_web_copy_link
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке «Табиғат-тұрған асыл қазына» атты кітап көрмесі өтті.
https://www.instagram.com/tv/CHfdAvFBM4Y/?utm_source=ig_web_copy_link
Төменде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізілген экологиялық сағаттардың сілтемелері:
1. Маңғыстау техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Адайбаева «Табиғатсыз өмір жоқ» атты тәрбие сағаты.
2. Каспий өңірі «Болашақ» колледжі: #экология#экологияжизни. https://www.instagram.com/tv/CGT691SJPq3/?utm_source=ig_web_copy_link

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *