Skip to content

«Музей педагогикасы – тұлғаның жалпы мәдени құзыреттілігін дамытатын инновациялық технология»…

«Музей педагогикасы – тұлғаның жалпы мәдени құзыреттілігін дамытатын инновациялық технология» тақырыбындағы облыстық семинар

Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 11 желтоқсан күні жалпы орта білім беру ұйымдарының музей жетекшілеріне, аудандық/қалалық білім үйлестіру орталықтарының әдіскерлеріне, тарих және география пәнінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, тарих арқылы тарихи – мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу, музей жетекшілері арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Музей педагогикасы – тұлғаның жалпы мәдени құзыреттілігін дамытатын инновациялық технология» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға аудан/қалалардан 60 мұғалім қатысты.
Орталық директорының міндетін атқарушы Темірланова Аяжан Темірланқызы алғы сөзбен семинарды ашып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айджанова Замира Жанадиловна «Музей педагогикасы – тұлғаның жалпы мәдени құзыреттілігін дамытатын инновациялық технология»,
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия – көпшілік жұмыстары бөлімінің қоғаммен байланыс менеджері Наушабаева Алия Асқарқызы, «Музей – өңірдегі білім беру, тарихи- және мәдени туризмді дамытудың маңызды ресурсы», Мұнайлы ауданы, №3 жалпы орта білім беру мектебі, «Қазақтың рәміздер географиясы» музейінің жетекшісі – Байназаров Қуат Кенгесович «Өлкетану» оқулығының музей жұмысында атқаратын рөлі мен тиімділігі» тақырыптарында баяндамалар оқып, қатысушылармен іс-тәжірибелерін бөлісті.
Қатысушылар практикалық жұмыстардың пайдалы болғанын, осы бағытта бейне семинарларды жиі өткізу керектігі туралы ұсыныстарын білдіріп, жұмыс барысындағы мәселелерімен бөлісті.
Семинар материалдарын орталықтың сайтынан https://ocdt.kz/kz/ көре аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *