«Экотуризм – оның маңызы мен болашағы» тақырыбында
білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы облыстық әдістемелік кеңесі
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні «ZOOM» платформасы арқылы Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени-этнографиялық ескерткіштердің ерекшеліктері туралы мағлұмат, түсініктер алу, қаз-қалпында сақталған табиғат орындарына саяхат жасау мақсатында
«Экотуризм – оның маңызы мен болашағы» тақырыбында қашықтықтан облыстық әдістемелік кеңесін өткізді.
Әдістемелік кеңеске облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, экология-биология саласы бойынша жетекші мамандар және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беру мекемелерінің жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінен 90 қатысушы қамтылды.
Кеңес барысында аймақтағы табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту туралы сөз қозғалып, «Экотуризм дегеніміз не?», «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы ғылыми – танымдық жұмыстар», «Қызылсай мемлекеттік аумақтық табиғи паркі аумағындағы туристік маршруттар» және «Тарихи – мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі, экотуризм мәдениеті», «Спорттық туризмнің түрлері» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Қатысушылар әдістемелік кеңес соңында өлкеміздің экотуризм саласының белсенді дамуына бірге атсалысатынын білдіріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ұсынды.