«Экотуризм – оның маңызы мен болашағы» тақырыбындағы әдістемелік кеңесі
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Өтетін уақыты: 2020 жылы, 9 желтоқсан. Сағат 10.00-де (онлайн).
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Туризм колледжі.
Мақсаты: Қаз қалпында сақталған табиғат орындарына саяхат жасау, осы аумақтағы табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктер туралы мағлұмат, түсініктер алу. Аймақтағы табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту.
Қатысушылар: Жалпы орта және қосымша, техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары (60 адам).
СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары):
Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы.
ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ:
Әдістемелік кеңеске қатысушы мұғалімдерді «Үстірт», «Қызылсай» және Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қызметкерлерімен іс-тәжірибе алмасуын ықпалдастыру, экотуризм саласын дамытуға үлес қосу.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экология-биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8(7292)60-54-00, 87789552995 ocdt-2017@mail.ru.
