1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай атқарылған іс-шара
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қызметкерлері «Егеменді ел және Елбасы» тақырыбында «Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне» танымдық экскурсиясын жасады.
Заман талабына сай салынған ғимараттың тарихи-өлкетану музей атануының да өзіндік мәні бар. Музейге есімі берілген кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы – өз өмірі мен қызмет жолында туған жеріне, Отанына арнаған әрбір шығармаларында тарихи-ескерткіштерге мән беріп, зерттеуге үлес қосқан аңыз тұлға.
Тоғыз бөлімнен тұратын еңселі ғимараттың ең алғашқы залы – Әбіш Кекілбайұлының азаматтық болмысын, әлемді мойындатқан шығармалары мен еңбек жолдарын, қилы тағдырын баяндауға арналса, келесі залда жазушының өткен өмірі, түрлі сый-құрметке ие болған марапаттары, жұмыс кабинеті және жеке өмірінде қолданған бұйымдары бар.
Сонымен қатар, «Тәуелсіз Қазақстан» залына да шолу жасалып, ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Маңғыстау өлкесіне арнайы келген іссапарында музейге тарту еткен басты жәдігерлерінің бірі – естелік жазба кітабы, музей экспонаттары таныстырылды.