Skip to content

Жерлес ғалым, зерттеуші С.Қондыбайдың ізімен «Жас саяхатшы» облыстық байқауы Облыстық…

Жерлес ғалым, зерттеуші С.Қондыбайдың ізімен «Жас саяхатшы» облыстық байқауы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 қараша күні жасөспірімдерді патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелей отырып, туризмге еңбегі сіңген қайраткерлерді үлгі тұту арқылы Отанды сүю, туристік – өлкетану қызметін белсендіру және насихаттау мақсатында жерлес ғалым – зерттеуші С.Қондыбайдың ізімен «Жас саяхатшы» облыстық байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының 15-16 жас аралығындағы 30 оқушыны қамтыған 6 топ қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар «Қалдырған ізің мәңгілік» іздеу-зерттеу жұмыстары номинациясында С.Қондыбайдың «Маңғыстау-нама» кітабы бойынша Маңғыстау жерлеріне экспедиция жұмыстарын ұйымдастырса, «Ескерткіштер сөйлейді» өлке аумағындағы табиғи ескерткіштерге сипаттама бере отырып, олардың орналасу карталарын ұсынды. Барлығы 12 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп – лицейінің «Айрақты» тобы;
ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №4 жалпы орта білім беру мектебінің «Сиях-кух» тобы;
ІІІ орын – Ақтау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің «ІТ Safari» және Жаңаөзен қаласы, мектеп-гимназиясының «Жас туристтер» топтары;
ІV орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы орта білім беру мектебінің «Жас саяхатшы» тобы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *