Skip to content

«Мектеп үйірмесі – 2020» облыстық байқауы Маңғыстау облыстық балалар мен…

«Мектеп үйірмесі – 2020» облыстық байқауы

Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ағымдағы жылдың 9 қараша күні жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы экология, туризм және өлкетану бағытындағы үйірме жұмыстарын жетілдіру, қосымша қызмет сапасын арттыру, үйірме жетекшілерінің озат іс-тәжірибелерін тарату мақсатында, үйірме жетекшілері арасында, «Мектеп үйірмесі – 2020» облыстық қашықтық байқауын ұйымдастырды.
Байқауда 12 қатысушының ереже талаптарына сәйкес, үйірме жұмысының портфолиосы мен бейнематериалдары (таныстырылым, үздік сабағы, үйірме туралы қоғамдық пікір, жетекшінің өнері), «Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы баяндама жұмыстары қаралды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар: «Экология» бағытынан ІI орын – Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебінің, «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Кемалова Саясатқа, ІII орын – Қарақия ауданы, №4 орта мектебінің, «Жасыл әлем ғажаптары» үйірмесінің жетекшісі Эрке Тілектес пен Мұнайлы ауданы, №10 орта мектебінің «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Сайлау Райымбекке; «Туризм» бағыты бойынша: І орын – Жаңаөзен каласы, №8 орта мектебінің, «Жас турист» үйірмесінің жетекшісі, Ниязмағамбетова Шолпанға, ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің «Хан тәңірі» туризм үйірмесінің жетекшісі Тенізбаева Меруертке; «Өлкетану» бағытынан ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №5 орта мектебінің, «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Кеңесбаева Шамсиқамарға, III орын – Ақтау қаласы, С. Қондыбай атындағы №22 орта мектебінің, «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Болатбекова Гүлнұрға берілді. Қатысушылар орталықтың дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *