Skip to content

«Халыққа экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі…

«Халыққа экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің ұйымдастырушылық негіздері» консультативтік кеңесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың оқушыларға жаппай экологиялық білім беру жөніндегі тапсырмасын орындау және 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 182-бабына сәйкес облыс аумағында халыққа экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің ұйымдастырушылық негіздері туралы мәселені талқылау мақсатында ағымдағы жылдың 3-ші қараша күні Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен консультативтік кеңес өткізілді. Консультативтік кеңес барысында «Жалпы орта білім беру ұйымдарында экологиялық білім берудің қазіргі жайы мен болашағы», «Педагогикалық факультеттерде студентерге (болашақ педагогтарға) экологиялық білім берудің барысы және перспективалары» және «Педагогикалық қызметкерлерді қайта даярлау мен білімін жетілдіру барысында «Экологиялық білім беру мен ағартудың, мамандардың біліктілігін арттырудың қазіргі жайы, мақсаты және негізгі міндеттері» сияқты ауқымды мәселелер талқыланды. Кеңеске қатысушылардың пікірлерін, ой-тұжырымдарын қорытындылай келе шешім жобасына «Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің» 181-бабын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесі жанынан «Аймақтық экологиялық білім беруді үйлестіру кеңесін» құру қажеттілігі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *