“Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы
Орталық 14-16 қыркүйек күндері аралығында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткен “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қашықтықтан қатысып, «Жасыл экономика» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын алған Маңғыстау ауданы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары Байжанова Ағила мен Серік Парасатты және облыс намысын қорғаған команданы шын жүректен құттықтайды! Оқушыларға сәттілік, жетекші ұстаздарына еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!