«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті
Білім басқармасының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті қашықтықтан өткізілді.
Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 2004-2006 жылғы білім алушылары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Бард әндері» конкурсы, «Жас өлкетанушы», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлке соқпақтары», «Экологиялық соқпақ», «Туған өлкенің тарихы», «Туризм білімпаздары», «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 49 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Бард әндері» байқауы бойынша:
І орын – Ақтау қаласы, №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қуанғали Еркебұлан;
ІІ орын – Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сабидуллаев Жұлдызбай және Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айдарбекұлы Саят;
ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қобланов Айбек және Мұнайлы ауданы, №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Танжар Нұрдос.
2. «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша:
І орын – Мұнайлы ауданы, №4 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Муханбетова Жеңіс;
ІІ орын – Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жадигерова Айдана;
ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шайхы Назгүл және Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Докторбай Ерлан.
3. «Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша:
І орын – Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аманғалиева Залина;
ІІ орын – Қарақия ауданы, №11 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Салма Рахматолла;
ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қойшыбаев Нұрқаят және Мұнайлы ауданы, №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Пирнепесова Оксана.