БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛЕКТЕРІ»
Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні орталықтың ұйымдастыруымен туризм-өлкетану, экология және қоршаған орта экологиясы үйірмелері мен музей, жылыжай жетекшілері арасында облыстық секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырысқа «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» директоры – Р.П.Шер, «Облыстық білім басқармасы» басшысының орынбасары А.Ж.Тұржанова, «Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының» туризм бөлімі басшысы – Г.О.Жариева, «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» басшысының орынбасары – Е.Е.Әділбаев және аудандық, қалалық білім бөлімдері мен білімді дамыту орталықтарының жауапты мамандары, мұғалімдер және Түркістан облыстық, Ақтөбе қалалық «Жас туристер станциялары» мен «Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөпірімдер туризмі және экология орталығының» директорлары, барлығы 94 адам қатысты.
Бағдарлама бойынша Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебінің география пәні мұғалімі – Г.Қ.Надированың «Мектептегі туризм – өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері», Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің биология пәні мұғалімі – А.А.Таңатарованың «Шағын жылыжай жүйесін дамыту арқылы экологиялық таза көкөністерді өсіру бойынша мектепаралық бәсекеге қабілетті шаруашылықты құру» және Қарақия ауданы, Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Ж.О.Бесинбаеваның «Мектеп мұражайының маңызы» тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.
Секциялық отырыс соңында балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін бірқатар педагогтар орталықтың алғыс хатымен марапатталды.
Орталықтың ұйымдастырған шараларына белсенді араласып, құнды ұсыныстарымен, тәжірибелерімен бөлісіп келе жатқан бір топ ұстаздарымызды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, Түркістан облыстық, Ақтөбе қалалық «Жас туристер станциялары» мен «Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөпірімдер туризмі және экология орталықтарына» алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта бірлестікте жұмыстар атқарып, тығыз байланыс орнайды деген сеніммен қызметтеріңізге шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!
