Skip to content

Қосымша білім беру педагогтарының республикалық вебинарлық отырысы. Ағымдағы жылдың 6…

Қосымша білім беру педагогтарының республикалық вебинарлық отырысы.

Ағымдағы жылдың 6 тамызы күні «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының» ұйымдастыруымен «Тамыз конференциясы» аясында 400 ден аса қосымша білім беру педагогтарын қамтыған «Балалар-жасөспірімдер туризмінің және өлкетанудағы медиа-жобалар», «Туған өлке табиғи ескерткіштерінің интерактивті GIS-картасы», «Балаларға экологиялық-биологиялық білім берудегі зертханалық жұмыстардың рөлі», «Гидропоника – өсімдікті топырақсыз өсіру» тақырыптарында вебинарлық отырысы қашықтықтан өткізілді. Осы жылғы өткізілген вебинардың ерекшелігі – республикамыздың әр өңіріндегі қосымша білім беру педагогтары жоғарыда аталған тақырыптар бойынша алдын-ала топтарға бөлініп, шектеусіз қатыса білді. Яғни, осы салаға қызығушылығы бар басқа пән мұғалімдері, үйірме жетекшілері де қашықтықтан қамтылу мүмкіндігіне ие болды.
Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директоры Р.Шер педагогтерге жаңа оқу жылына арнап сәттілік тіледі.

#Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы #Облыстықбалаларменжасөспірімдер
#Туризмініңорталығы
#Оқушылар!
#Сіздердіжазғыдемалыскезінде
#Туристіксапарларкүтеді
#Демалысбалаларшығармашылығыәлемі
#қашықтықтаноқыту
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#АСХАТАЙМАҒАМБЕТОВ
#РАИСАПЕТРОВНА
#ОблыстықБмЖТО
#Бізбіргеміз
#Берікіргеміз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *