Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күніне арналған облыстық «Патриоттық әндер мен көркемсөз» сырттай байқауы
Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» облыстық науқаны аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 08 маусым күні патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, патриоттық әндерді насихаттау, талантты орындаушыларды анықтау мақсатында, жалпы білім беру ұйымдары білім алушылары арасында облыстық «Патриоттық әндер мен көркемсөз» байқауы сырттай ұйымдастырылды.
Сайысқа әр аудан, қаладан «Эстрадалық вокал» және «Көркемсөз оқу» номинациялары бойынша барлығы 12 жұмыс түсіп, қаралды.
Қазылар алқасы жұмыстарды зерделей келе, жеңімпаз атанған қатысушыларды төмендегідей номинациялар бойынша марапаттады. 1. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша:
І орын жеңімпазы – Сәрсенбай Бердібек, Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
ІІ орын жеңімпаздары – Темирова Арай, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің 6 сынып оқушысы және Құлыбеков Аслан, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын жеңімпаздары – Халел Айзат, Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы және Ерікқызы Василя, Ақтау қаласы, №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша:
І орын жеңімпазы – Медина Асхат, Жаңаөзен қаласы, мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы;
ІІ орын жеңімпаздары – Тоқмырзаева Альбина, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің 10 сынып оқушысы және Тезекбаев Ақжол, Ақтау қаласы, №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын жеңімпаздары – Ескуатова Альбина, Бейнеу ауданы, Тұрыш мектеп-балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы және Қойбағаров Нұрұлан, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің 6 сынып оқушысы.
#Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы #Облыстықбалаларменжасөспірімдер
#Туризмініңорталығы
#Оқушылар!
#Сіздердіжазғыдемалыскезінде
#Туристіксапарларкүтеді
#Демалысбалаларшығармашылығыәлемі
#қашықтықтаноқыту
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#АСХАТАЙМАҒАМБЕТОВ
#РАИСАПЕТРОВНА
#ОблыстықБмЖТО
#Бізбіргеміз
#Бе