Skip to content

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы…

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы
Облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 6 мамыр күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы сырттай өткізілді. Форумның мақсаты білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеуге бағытталған мәдени-танымдық жоба.
Форумға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаз топтары, яғни жалпы орта білім беру ұйымдарының 14-16 жастағы 36 білім алушылары қатысты.
Облыстық форумның ережесіне сәйкес, қатысушылар «Туған өлке тарихы», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоболашақ», «Жасыл оазистер» экодизайнерлер номинациялары бойынша жұмыстарын, жобаларын жіберді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, жеңімпаздарды білім басқармасының дипломдарымен марапаттады. Форумның І орын жүлдегерлері алдағы уақытта өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *