Skip to content

Білім беру ұйымдары оқушыларының арасында «Экодизайн» облыстық байқауы Облыстық білім…

Білім беру ұйымдары оқушыларының арасында «Экодизайн» облыстық байқауы

Облыстық білім басқармасының «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» жобасы аясында 2020 жылдың 30 сәуір күні жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Экодизайн» облыстық байқауы сырттай өткізілді.
Байқауға әр аудан/қаладан 3 номинация бойынша 15 оқушы қамтылды. «Жасыл әлем» фитодизайнерлер номинациясында қатысушылар жұмыстарын еркін стильде флористика ережесіне сәйкес табиғи – өсімдік материалдарынан жасаса, ал «Дәнді дақылдар әлемі» номинациясында түрлі дәнді дақылдарды қолдана отырып жасалды. «Қалдықтардан – табыстарға» номинациясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, экологиялық жобаларды іске асыруда әртүрлі тұрмыстық қалдық заттары мен қайталама шикізаттардан жасалған шығармашылық жұмыстар қабылданды.
Байқау жеңімпаздары орталықтың дипломдарымен марапатталды. Ал, жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *