Skip to content

Орталық білім басқармасы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 қазан…

Орталық білім басқармасы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 қазан күні «10 туристік маршрут» жобасының «Қаратау қазыналары» экскурсиясын ұйымдастырды.
Экскурсияға Мұнайлы ауданы №10 орта мектебінің 30 оқушысы мен ұстаздары қатысты. Маршрут Ақтау – Шетпе – С.Қондыбай мемориалдық музейі – Айрақты – Самал – Ақмыш – Шерқала – Торыш – Ақтау бағыттары бойынша өткізілді. Экскурсия барысында қатысушыларға маршрут объектілерінің тарихы, аңыздары таныстырылды. Оқушылар тарихи орындардан сабақ барысына және ғылыми жобаларға қажетті тау жыныстары мен өсімдіктерді жинап, қойнауы сырға толы Маңғыстау өлкесінің ерекше табиғаты мен тарихына деген қызығушылықтарын жасыра алмады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *