Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласының №8 орта мектебінде «Үстірт қорығына ұйымдастырылған саяхатпен таныстыру» тақырыбындағы облыстық онлайн режимдегі қашықтық сабағы өтті.
Қашықтық сабағына облыстың 25 білім беру ұйымдарынан 70 мұғалім қатысты. Орталықтың экологиялық-биологиялық бөлімінің нұсқаушысы Исметұлла Бақытжан қашықтық сабағын ашып, сөз сөйледі.
Бағдарламаға сәйкес сабақ барысында биология пәнінің мұғалімі Багджанова Жамила Джумабаевна баяндама оқыды. Баяндамада Үстірт қорығының экологиялық-ағарту жұмыстары, фенологиялық бақылау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін есепке алу, «Табиғат жылнамасын» жүргізу және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғалды.
Қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен таныстыру, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру мақсатында қазан айының 9 күні Үстірт қорығына жорыққа 27 оқушы шықты.
Жорық барысында білім алушылар Үстірт арқары, қарақұйрықтар және сирек кездесетін аңнан қарақалдар, ал құстардан жорға дуадақ, ителгі, дала қыраны, және Үстірт өсімдіктері сан алуан мия, адыраспан, ақ, қара жусан тағыда басқа кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен танысты.
