Skip to content

“Шопан ата” және “Қызылқұм” демалыс орындарына саяхат

Орталық 12-15 тамыз күндері аралығында “Шопан ата” және “Қызылқұм” демалыс орындарында, Жаңаөзен қалалық және Қарақия ауданының білім беру бөлімдерімен бірлесіп, 2 күндік туристік шатырлы лагердің екінші маусымын ұйымдастырды. Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, оқушыларға 2 күндік туристік шатырлы лагердің ашылуын қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен әндер айтып, әр түрлі танымдық ойындарына қатысып, маңғаз Маңғыстаудың ғажайып жерлерінде естелікке суретке түсті. Шаттығы мол шатырлы лагерімізге барлығы 80 адам қамтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *