Skip to content

ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға…

ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында облыстың білім беру ұйымдары арасында 03-17.03.2025 ж «Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияда абаттандыру, тазалық және ата-аналар арасында экологиялық сауаттандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
​Қатысушыларды ынталандыру мақсатында акция барысында түсірілген бейнероликтердің облыстық байқауы өткізіліп, жүлделі І орынды – Ақтау қаласы Т.Әшімбаев атындағы №11 лицейі; ІІ орынды – Қарақия ауданы, Қарақұдық ЖББМ; ІІІ орынды – Жаңаөзен қаласы №20 ЖББМ ұжымдары иеленді. Жеңімпаздар орталықтың дипломдарымен және қаржылай марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *