Skip to content

2024 жылдың 28 қараша күні Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы №22…

2024 жылдың 28 қараша күні Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп – гимназия базасында өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі  мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің экологиялық мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, экологиялық білім беруді насихаттау және қолдау мақсатында білім алушылар  арасында «Экология – ел тағдыры» тақырыбында облыстық дебаты өткізілді.
Дебат кезеңдері америкалық парламенттік форматта (АПФ) жүргізілді. Дебатқа аудан, қаладан 10 топ қатысып, барлығы 20 білім алушы қатысты.
Қатысушылар қазылар алқасының шешімімен төмендегідей марапаттарға ҰСЫНЫЛДЫ:
I орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Жоламан Аружан, Сүйеуова Гульмира;
II орын – Ақтау қаласы, «Жас қанат» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Сақтап Нұрсая,Қосуақ Кәусар;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары Агулбаев Рахманкерім, Айладыр Аяулым;
III орын – Бейнеу ауданы, Күйкен жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларыТоқсанбаева Айнұр, Жақсыгелдиева Нұршаттық иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *