Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні педагогтердің туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау мақсатында педагогтердің II облыстық «Құзға өрмелеу» туристік сайысы өткізілді. Туристік сайысқа аудандық/қалалық білім беру ұйымдарынан 24 педагог қатысты. Қатысушылар ережеге сәйкес «Жылдамдық», «Альпинист», «Антимаятник», «Түйін байлау» номинациялары бойынша сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей марапатталды:
I орын – Бейнеу ауданы, Опорный ЖББМ, «Отпан» тобы;
II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназия, «Бозжыра» тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы ЖББМ, Шетпе гимназиясы,
Т. Жалғасбайұлы атындағы ЖББМ, «Отпан» тобы;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейі, «Жүйріктер» тобы;
III орын – Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ, «Эверест» тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, Горький атындағы мектеп-лицейі, «Көк бөрі» тобы;
Барлық жеңімпаз атанған командаларға орталықтың дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды






