Білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру жолдары» атты облыстық семинар туралы
Білім басқармасы ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 08.09.2025жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша тыңдалым ұйымдастырды.
Жолдаудағы білім мен тәрбие, тәртіп мәселелерін көтерген «Білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбымен тыңдалым семинар форматында өтті.
Семинарға жалпы білім беру ұйымдары және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімдерінің қызметкерлері, барлығы 200-дей маман қатысты.
Білім басқармасының тәрбие жұмысы, инклюзивті арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ш.А.Байдуллаева, Маңғыстау облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау уәкілі Т.А.Болатбаева;
Жолдаудың стратегиялық бағыттары: «Цифрландыру» және «Жасанды интеллект» тақырыптары бойынша Ақтау қаласының мұғалімдері:
Б.М.Мырзағалиева және Н.С.Кожахметовалар; «Мектеп аумағын абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру» «Білім беру ұйымында экологиялық туризмді дамыту шаралары туралы» Бейнеу ауданынан З.Б.Бегенова; Маңғыстау ауданынан Н.Жұбаев атындағы ЖББМ басшысы Т.М. Бисекеновалар баяндама жасады.
Сонымен қатар, семинарда Қазақстан республикасының оқу-ағарту министрлігінің білім беру ұйымдарында экологиялық «Жасыл клуб» ұйымын құру жөніндегі тапсырмасының орындалысы туралы аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандарының есебі тыңдалды.
Семинар білім алушылардың тәртібі, тәрбиесі, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды сапалы ұйымдастыру; жасанды интеллект технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын, пәннің берілісінің сапасын арттыру; білім беру ұйымдары ғимаратының маңындағы жасыл желектерді күту, көбейту, түгендеу, жалпы аббаттандыру жұмысын назарда ұстау ұсыныстарымен қорытындыланды.