Ағымдағы жылдың 29-30 қазан күндері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында III «Жас турист» облыстық слеті өткізілді. Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында туристік-спорттық білім мен дайындықты дамыту, туристік көпсайысты насихаттау болды. Облыстық туристтік слетке аудан/қаладан 48 студент қатысты.
Туристік слеттің ережесіне сәйкес «Таныстыру», «Жартасқа өрмелеу», «Кросс-туризм», «Лабиринт», «Антимаятник», «Жумаринг» номинациялары бойынша қатысушылар өздерінің ептілігін, батылдығын және командамен жұмыс істей алатындығын көрсететін түрлі сынақтардан өтті.
Екі күнге созылған слет қорытындысы бойынша:
I орын – Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі «Түпқараған» тобына;
II орын – Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі «Алау» тобына;
II орын – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі «Азимут» тобына;
III орын – Маңғыстау туризм колледжі «Каспий маржаны» тобына;
III орын – Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Spirit» тобына;
III орын – Каспий өңірі «Болашақ» колледжі «Болашақ» тобына табысталды. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!🥳💫









