Skip to content

«ТАБИҒАТ ДЕТЕКТИВТЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКО-КВЕСТТЕР КОНКУРСЫ Ағымдағы жылдың 5-6 қараша күндері…

«ТАБИҒАТ ДЕТЕКТИВТЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКО-КВЕСТТЕР КОНКУРСЫ

Ағымдағы жылдың 5-6 қараша күндері жас ұрпақтың қоғамдағы экологиялық мәселелерге назарын аудару, туристік қызметке қызығушылықтарын ояту және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы, №7 ЖББМ базасында және орталық саябағында «Табиғат детективтері» облыстық эко-квесттер конкурсы өткізілді. Конкурсқа барлығы 8 топтан 40 оқушы қатысты.
Облыстық эко-квесттер конкурсында қатысушылар «Классикалық квест», «Морфеус квесті», «Экшн квест» және «Жанды квест» номинациялары бойынша табиғатты қорғау тақырыбында түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдері мен тапқырлығын көрсетті. Шара экологиялық сананы арттырып, жастарды табиғатты аялауға ынталандырды.
​ Екі күнге созылған конкурс қорытындысы бойынша:
I орын – Ақтау қаласы, Жас Қанат мектеп лицейі «Сейсмо-8» тобына;
II орын – Жаңаөзен қаласы, А.Құнанбаев атындағы №19 ЖББМ «Leader» тобына;
II орын – Қарақия ауданы, №7 ЖББМ «Жасыл ізкесушілер» тобына;
III орын – Мұнайлы ауданы, №19 ЖББМ «Жасыл болашақ» тобына;
III орын – Жаңаөзен қаласы, ЖБИЛ «Ecomand» тобына;
III орын – Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы ЖББМ «Нұн эко» тобына табысталды.
Конкурс соңында жеңімпаздар мен үздік командалар орталықтың дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды🥳💫

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *