Skip to content

📢НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! «IQmix» республикалық зияткерлік онлайн – марафоны 📌Марафон мақсаты:…

📢НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

«IQmix» республикалық зияткерлік онлайн – марафоны

📌Марафон мақсаты: дарынды және талантты балаларды анықтау мен
қолдау, олардың зияткерлік, шығармашылық және креативтік әлеуетін
дамыту, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылыққа
қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ білім алушылардың танымдық
белсенділігін өнер мен технология салаларын біріктіре отырып ынталандыру.

📌Марафонды өткізу тәртібі: Қатысушыларды тіркеу, ұйымдастыру жарнасын төлеу және Марафонды
өткізу www.urkerplatform.kz сайтында 2025 жылғы 10–15 қараша
аралығында жүзеге асырылады. Марафонға қатысуға арналған ұйымдастыру жарнасы 1000 (бір мың)
теңге мөлшерінде белгіленеді. Төлем білім алушылардың ата-аналары (заңды
өкілдері) немесе демеушілердің есебінен жүргізіледі.
Ұйымдастыру жарнасын бір рет төлеген қатысушы Марафонға тек бір рет
қатысуға құқылы.
Марафонның нәтижелері, сондай-ақ қатысушылардың дипломдары мен
сертификаттары 2025 жылғы 26 қарашаға дейін www.urkerplatform.kz
сайтында жарияланады.

📌Марафонға қатысу: «IQmix» республикалық зияткерлік онлайн-марафонына меншік нысаны
мен ұйым түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарының білім
алушылары қатыса алады.

📌Марафонның ұйымдастыру комитеті: Марафон меншік түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының қолдауымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрілігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
және «Үркер» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *