«Маңғыстау самалы» облыстық бард әндері байқауы
Ағымдағы жылдың 25 қараша күні Ақтау қаласындағы №32 ЖББМ базасында білім алушылар арасында бард жанрындағы шығармаларды насихаттау және дамыту, жас ақындардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, талантты жастарды анықтау мақсатында «Маңғыстау самалы» облыстық бард әндері байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 20 оқушы қатысты.
Облыстық байқау «Ансамбль», «Жас талант», «Жас сазгер» номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес жеке және топтық құрамда сынға түсті. Талантты шәкірттер бард, Патриоттық жанрда шығарылған авторлық туындыларын, сонымен қатар, қазақ ақындарының өлеңдеріне әуенін, сазын жаза отырып, сазгерлік қабілеттерін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
«Ансамбль» номинациясы бойынша:
II орын – Ақтау қаласы, №14 ЖББМ «Жастар» тобы;
II орын – Қарақия ауданы, №4 ЖББМ «Өнер» тобы.
III орын – Жаңаөзен қаласы, №22 ЖББМ «Жұлдыз» тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы ЖББМ «Арна» тобы;
III орын – Мұнайлы ауданы, №11 ЖББМ «Маңғыстау» тобы;
«Жас талант» номинациясы бойынша:
II орын – Жаңаөзен қаласы, №20 ЖББМ, 7 сынып оқушысы Біржан Әділ;
III орын – Қарақия ауданы, №7 ЖББМ, 11 сынып оқушысы Қауыс Дария.
«Жас сазгер» номинациясы бойынша:
II орын – Қарақия ауданы, Құланды мектебі, 9 сынып оқушысы Назарбек Қолғанат;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №20 ЖББМ, 11 сынып оқушысы Имашев Темірлан.
Жеңімпаздар орталықтың дипломдары және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.










