Skip to content

«Сырлы әлем» облыстық мультимедиялық фестивалінің ақпараты

«Сырлы әлем» облыстық мультимедиялық фестивалі

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Ақтау қаласы, «Оқушы орталығында» оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашылығы мен өзіндік ойлау қабілетін ояту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім алушылар арасында «Сырлы әлем» облыстық мултимедиялық фестивалі өткізілді. Фестивальге барлығы 74 білім алушы қатысты.

Облыстық мультимедиялық фестиваль 3 номинация бойынша өткізілді:
«The grief of nature» комиксбук номинациясында қатысушылар идеяларды, бейнелерді сурет арқылы жеткізу мақсатында мәтін мен визуалды ақпаратты қатар қолдана отырып, қазіргі уақыттағы және күнделікті өмірдегі экологиялық проблемаларды бейнелейтін комикс суреттер салды.

Балалар «Әлем бейнесі» мультфильм номинациясында табиғат элементтері, болашақ энергиясы, жануарларды қорғау, су тіршілік көзі, жер келбеті, көлік тұтқынында, біздің өміріміздегі орман, табиғатты аяла, экотуризм тақырыптарында жаңа технологияларды қолдана отырып, экологиялық мультфильмдер құрастырды.

«Үнсіздік әлемінде» – қысқаметражды фильмноминациясында жас режиссерлер мен актерлерге қолдау көрсету, цифрлық қабілеттерін дамыту, заманауи шығармашылық жұмыстарын шебер жетілдіру мақсатында жеріміздегі және айналамыздағы қоршаған ортаның экологиялық апаттарын көрсетуге арналған дыбыссыз комедия, хоррор, ғылыми-фантастикалық, детектив, шытырман,  деректі, тарихи жанрларында дайындалған видеороликтер ұсынылды.

Осылайша қатысушылар табиғатқа деген сүйіспеншілігін шығармашылықпен ұштастыра отырып, экологиялық тақырыпты өзіндік өрнекпен бейнеледі. Ұсынылған мультимедиялық жұмыстар жан-жақты ойлауды, жаңа идеяларды және табиғатқа жанашыр көзқарасты айқын көрсетті. Аталған фестиваль білім алушылардыңэкологиялық дүниетанымы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер аша білді.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
«The grief of nature» комиксбук номинациясы бойынша:
I орын – Мұнайлы ауданы, №19 ЖББМ «Жасыл болашақ» тобы;
II орын – Жаңаөзен қаласы, №21 ЖББМ «Ecotwix» тобы;
II орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Ақшұқыр» тобы;
III орын – Ақтау қаласы, №30 ЖББМ «Best DIO» тобы;
III орын – Маңғыстау ауданы, Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ «Табиғат даусы» тобы.
«Әлем бейнесі» номинациясы бойынша:
I орын – Жаңаөзен қаласы, №8 ЖББМ «Жасыл жүрек» тобы;
II орын – Мұнайлы ауданы, №19 ЖББМ «Qozgaras» тобы;
II орын – Түпқараған ауданы, Шахта ЖББМ «Әлем ғажаптары» тобы;
III орын – Ақтау қаласы, №21 ЖББМ «ДосStar» тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, Күйкен ЖББМ «Sirius» тобы.
III орын – Маңғыстау ауданы, Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ «Жүрек үні» тобы.
«Үнсіздік әлемінде» қысқаметражды фильм  номинациясы бойынша:
I орын – Мұнайлы ауданы, №19 ЖББМ «Janqyryq» тобы;
II орын – Ақтау қаласы, IT мектеп-лицейі «IT жұлдызыдары» тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы, Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ «Табиғат сақшылары» тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, А.М. Горький атындағы мектеп лицейі «SLG» тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, Күйкен ЖББМ «EcoLife» тобы.
Жеңімпаздар орталықтың дипломдары және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *