Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні педагогтердің туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау мақсатында педагогтердің II облыстық «Құзға өрмелеу» туристік сайысы өткізілді.
Туристік сайысқа аудандық/қалалық білім беру ұйымдарынан 24 педагог қатысты. Қатысушылар ережеге сәйкес “Жылдамдық”, “Альпинист”, “Антимаятник”, Түйін байлау” номинациялары бойынша сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей марапатталды:
I орын – Бейнеу ауданы, Опорный ЖББМ, “Отпан” тобы;
II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназия, “Бозжыра тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы ЖББМ, Шетпе гимназиясы, Т. Жалғасбайұлы атындағы ЖББМ, “Отпан” тобы;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейі, “Жүйріктер” тобы;
III орын – Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ, “Эверест” тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, Горький атындағы мектеп-лицейі, “Көк бөрі” тобы;
Барлық жеңімпаз атанған командаларға орталықтың дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды
