Skip to content

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті…

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті мәселелерге аудару, саналы мінез-құлықты дәріптеу,  балалар мен  жасөспірімдердің табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік қабілетін дамыту және насихаттау мақсатында Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарындағы білім алушыларының арасында «Әлем глобусы!» облыстық экологиялық – зияткерлік байқауы өткізілді.
         Қатысушылар ережеге сәйкес «Әлемнің тынысы», «Адам және әлем», «Табиғат жанашыры» айналымдары бойынша түрлі тапсырмалар орындап, сынға түсті.
         Қазылар алқасының шешімімен:
I орынды- Ақтау қаласы, ОМИ “Дарын”;
II орынды – Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі;
II орынды – Маңғыстау ауданы, Жармыш ЖББМ;
III орынды – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп- лицейі;
III орынды – Ақтау қаласы, МОББ “Білім-инновация” лицей-интернаты иеленді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *