Skip to content

Ағымдағы жылдың 17 – 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және…

Ағымдағы жылдың 17 – 18 сәуір күндері педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік – өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, педагогтері арасында «Еуропа – Азия» облыстық туристік фестивалі Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылдық саябағында өткізілді.
Фестивальге жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 11 топтан 70 педагог қатысты.
Қатысушылар фестивальдің теориялық кезеңінде «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалаларын, «Менің Кіші Отаным» – көрікті жерлерге баруды көздейтін туристік жорықтардың 2 және одан да көп күндік даладағы жағдайдағы жаяу бейнеролигін, «Туризмнен онлайн сабақ» номинациялары бойынша – туризмге қатысты жеке және топтық құрал-жабдықтарды таныстыру, жіп байлау түрлерін көрсету, түрлі этаптардан өту, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша онлайн сабақтарын өткізіп, жұмыстары сырттай қаралды.
«Туристік тұрмыс және дағды» номинациясында бивуак құру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен қажетті туристік құрал – жабдықтар, медқобдишаларымен таныстырып, кешкі алау жанында бард әндерін шырқады.
«Бурелом», «кочки», «гусиный шаг» кезеңдерін қамтитын «Техникалық» қашықтығынан, «аспалы өткел», «параллель өткел», «траверс» сынды «Өткелдер» қашықтығынан, «спуск – подъем», «спорттық лабиринт» секілді «Жеке» қашықтықтан топтық және топ капитаны болып түрлі кедергілерден өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *