Skip to content

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының экология, геология және…

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен Facebook желісіндегі «Kun.kz» ашық медиа-платформасы парақшасында «Балаларға экологиялық білім берудің маңызы қандай?» тақырыбындағы экобілім бойынша онлайн конференция ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектеп оқушыларына жаңа экологиялық білім беру пәнін енгізу қажет екенін атап өткен болатын. Бүгінгі онлайн конференцияда да Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өз сөзінде: «Мәдениеттің бастауы – білім мен тәрбиеде жатыр. Экобілімді де, экомәдениетті де мектептен бастау керек», -деді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Экологиялық білім – тек қана мектептің бір пәнімен шектеліп қана қалмау керек. Менің ойымша бұл қоғам жанашырлары, мемлекеттік органдар, эксперттер, мұғалімдер және тәрбиенің тал бесігі болған отбасынан бастау алатын өте ауқымы кең жұмыс»-екендігін сонымен қатар осы бағытта министрлік тарапынан тек қана қолдау көрсететіндігін жеткізді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Берілетін білімнің мазмұнын, баланың жас ерекшелігіне байланысты дамуын ескеріп, әдістемелік аспектілерді жауапкершілікпен ұйымдастыру маңызды»-екендігін өзінің толымды пікірінде атап өтті. Конференция барысында «Балалардың экологиялық білімімен мектеп қана емес, сондай-ақ ата-ана да айналысуы тиіс, осыған келісесіз бе?» сауалнамасына қатысушылардың 90% – «иә», қалған 10% – «жоқ» деп жауап берді. Конференция спикері Мұрат Әбенов: «Табиғат біз үшін емес, оның орнына біз экологияның бір бөлігі екенімізді ұмытпайық» – деген қатысушылардың пікірін алға тартып қоғамдық талқылауды қорытындылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *