Skip to content

«Ақтау-Астана» экскурсиясы!

Ағымдағы жылдың 18 – 26 шілде күндері аралығында Ел Ордамыз Астана қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, тарихымен танысу мақсатында білім алушыларға арналған 3 күндік экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияға әлеуметтік қолдауға жататын отбасы балалары мен экологиялық және туристік – өлкетану бағытындағы республикалық, облыстық шаралардың жеңімпаздары қамтылды. Білім алушылар Тәуелсіздіктің символына айналған «Бәйтерек» монументінен бастап, «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» триумфалды аркасы, «Ұлытау» аллеясы, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Әзірет» Бас мешіті, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне және Nur Alem павильонына, заманауи демалыс орындары – «Ботаникалық саябақ» пен «Хан Шатыр» сияқты ерекше сәулеттік ғимараттармен танысты.
«Ailand» кешеніндегі «Джунгли», «Океанариум», «Шолу дөңгелегі» нысандарын көріп, картинг орталығында көңіл көтерді. Атырау көпірі арқылы «Есіл» өзенінде катермен серуендеді.
Экскурсия соңында оқушылар жаңа ортада достар тауып, алған әсерлерімен қуана бөлісіп, керемет көңіл күймен ата-аналарымен қауышты!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *