Skip to content

Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір күндері Ақтау қаласы, №33 жалпы білім…

Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір күндері Ақтау қаласы, №33 жалпы білім беретін мектебі және «Маңғыстау туризм колледжі» базасында балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді.
Слетке 12-15 жас аралығындағы 63 білім алушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен:
«Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша:
I орын – Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Нұраханова Медина;
II орын – Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрланқызы Зере;
II орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Бисенбек Мира;
III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Дүбрай Ақниет;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы, Ануар Анель.
«Туристік маршруттар» номинациясы бойынша:
I орын – Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сағынбаева Райана;
II орын – Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Алмасұлы Ернар;
II орын – Мұнайла ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрлы Фариза;
III орын – Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Төлеген Ардақ;
III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тасмұхан Сабина.
«Туристік әндер» номинациясы бойынша:
I орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 9-сынып оқушысы Талғат Алихан;
II орын – Маңғыстау ауданы, Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жеңіс Таңшолпан;
II орын – Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы№19 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Айдарбек Жасұлан;
III орын – Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің 6-сынып оқушысы, Әділет Жанбота;
III орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Али Жансұлу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *