Ағымдағы жылдың 27-28-қыркүйек күндері аралығында Маңғыстау ауданында өткен Халықаралық туризм күніне арналған облыстық туристік слеті өз мəресіне жетті. Слеттің мақсаты: жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау;
3. Слеттің міндеттері:
1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2) жастарды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
3) білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
4) туристік-өлкетану бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін тарату;
5) білім алушыларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Жас туристеріміз аталған барлық этаптардан өтіп (топтың визит корточкасы, туған өлке соқпақтары, жасыл оазистер, экологиялық соқпақ, біріктірілген туризм (навесной, параллелька, маятник, спуск-подъем, гусиный шаг, костер, бурелом,), үздік аспаз), жарысты жақсы деңгейде өткізді. «Ақкетік » командасы бас жүлдені алса, «362» және «Қарақия жастар» командалары 1-2 орын иленіп, білім басқармасы дипломдарымен және силықтарымен марапатталды.
