Skip to content

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің…

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен Ақтау қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектепте «Өлкетану оқулығы: Саяхат сабақтарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты облыстық білім беру ұйымдарында өлкетану бағытында үйірме және «Өлкетану» оқулығын жүргізіп отырған мұғалімдерге тәжірибе алмасу және бағыт-бағдар беру. Кеңеске – 35 педагог қатысты.
Кеңесте Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Джумашев Біржан «Туристік жорықтар кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбындағы баяндамасында оқушылармен саяхат сабақтары және категориялық жорықтар өткізу тәртіптері, сақталу керек қауіпсіздік шаралары туралы таныстырды.
Маңғыстау ауданы Өтес орта мектебінің география пәні мұғалімі Надирова Гүлсім «Мектептегі туристік-өлкетану жұмыстары арқылы оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу» тақырыбында оқушылардан құралған «Көкжиек» және «Сейсмо-8» тобымен Маңғыстау өлкесінің Сай Өтес, «Ман Ата», «Сисем Ата» тарихи орындарына, «Булыойық», «Қараған» үңгірлеріне жасалынған жаяу жорықтары, «Тұзбайыр» өлкесінің жыныстары мен минералдарын зерттеу барысында «Ежелгі Тетис» көлінде өмір сүрген акула тістерін тауып, олардың жасын анықтағаны жайында және жасалынған жорықтарының интерактивті картасын құрып, 3D панорама үлгісінде жүктелген «QR-Mangystau» мобильді қосымшасымен таныстырды. «Тарихқа тұнған туған өлкем» тақырыбында Бейнеу ауданы Боранқұл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Боранова Алмагүл оқушылармен Бейнеу ауданының «Бекет-Ата» жер асты мешіті, «Манашы сай», «Көркембай Ата» мешіті тарихи-мәдени ескерткіштеріне жасалынған саяхаттары, орындарда жүргізілген тазалық, көгалдандыру жұмыстары жөнінде және алдағы жоспарланған саяхаттарымен бөлісті.
Әдістемелік кеңесті қорытындылай келе, жалпы үйірме және факультатив жұмыстарын жандандыру, мұғалімдер арасында өлкетану, елтану бағыттарында семинарлар, жорықтар, экскурсиялар және демалыс күнгі жаяу жорықтар жиі ұйымдастырылуы, мектептердегі үйірмелерде туристік материалдық-техникалық базаның құрылу, жақсартылу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *