Ағымдағы жылдың 28.04-15.05 күндері аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “2024 жылға арналған цифрлық бастамаларды іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары” негізінде ашылатын экологиялық “Жасыл клуб” ұйымдарының жұмыстарын жақсарту, жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек көрсету күндері жүрмелі рейд, семинар форматтарында ұйымдастырылды.
Шараға аудан, қалалардағы мектептердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, “Жасыл клуб” ұйымы жетекшілері, биологтар-барлығы 155 маман қамтылды.
