Ағымдағы жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту мақсатында, барлық білім беру ұйымдарында экологиялық сағат өткізіліп, оқушылар мектеп ауласына ағаштар отырғызды. Көптеген білім ордаларында «Қоршаған орта экологиясы» үйірмелері жұмыс жасайды және арнайы сабақтар жүргізіледі. Облыста түрлі байқаулар үздіксіз өткізіліп, жер мен судың, ауаның тазалығы үшін түрлі айлықтар мен акциялар жиі ұйымдастырылып келеді.
Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту – қазіргі жас ұрпақтың борышы!
